Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Apple мен Meta сервистерінде ірі ақау шықты

Опубликовано:

Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

3 сәуірде, түнге қарай Apple қызметтері мен Meta мессенджері WhatsApp-та ақау шықты. Ел тұрғындары желілер жұмыс істемей қалғанына шағымданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Downdetector порталындағы ақпаратқа сәйкес, WhatsApp желісіндегі ақау бүкіл әлемдегі қолданушыларға әсер еткен. Жұрт хабарламаларды жіберу және қабылдау (барлық шағымның 24 пайызы), қосымша жұмысы (70 пайыз) және веб-сайт қызметі (6 пайыз) мәселелері бойынша шағымданған.

Meta-ға тиесілі әлеуметтік желілер – Facebook пен Instagram жұмысында да кедергілер байқалған.

РБК сайтының өкілдері мессенджерге қосылу кезінде ақаулар туралы хабарлама пайда болғанын жазады.

Басылым WhatsApp-қа қатысты мәселелер наурыз айының басында байқалғанын атап өтті. Ақау тек мессенджерге ғана емес, X (бұрынғы Twitter), Gmail, Google Maps, Google Play, YouTube, TikTok, Discord және тағы басқа қолданбаларына да әсер еткен.

Ақау болған күні гонконгтық HGC провайдері Қызыл теңіздегі хуситтердің шабуылы салдарынан Азия-Африка-Еуропа 1, Seacom, TGN және EIG кабельдері зақымдалғанын хабарлады. Компания бұл трафиктің шамамен 25 пайызына әсер етеді деп есептейді.

Сонымен қатар түнде әлемнің түкпір-түкпірінен пайдаланушылар Apple Music, Apple TV және TV+, iTunes, App Store, Apple Support және т.б қызметтеріне қатысты мәселелерге де шағымданды. РИА Новости компанияның ақауды қарыпқа келтіргенін жазды.

"Астана уақытымен сағат 05:06-дағы жағдай бойынша Apple веб-сайтындағы "жүйелік жағдай" бөлімінде істен шыққан қызметтер қайта жұмыс істей бастағанын, кішігірім ақаулар үш қолданбада ғана байқалып отыр", - делінген материалда.

Ақауға не себеп болғаны туралы әзірге ресми ақпарат жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078555-apple-men-meta-servisterinde-iri-aqau-syqty/

pixel