БҚО-да құтқарушыны пышақтаған күдікті екі айға қамауға алынды
Жарияланған күні:
Читать на русскомБҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушысына пышақ жарақатын салды деп күдікке ілінген ер адам екі айға қамауға алынды. Бұл туралы "Мой город" басылымы хабарлайды.
Басылым мәліметінше, Казталов аудандық соты 31 жастағы ер адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы прокуратураның өтінішін қарады.
Күдікті екі айға қамауға алынған.
БҚО тұрғыны тұрғыны Қылмыстық кодекстің 380-бабы "Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері" бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген.
Еске сала кетейік, 31 наурызда су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу кезінде 26 жастағы құтқарушы пышақ жарақатын алған болатын. Құтқарушы Қараөзен өзенінің жағасындағы жергілікті тұрғындарға көмек көрсеткен.
ТЖМ мәліметінше, құтқарушы кеуде тұсындағы пышақ жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.
Кейінірек дәрігерлер зардап шеккен құтқарушының жағдайын орташа тұрақты деп хабарлады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078579-bqo-da-qutqarusyny-pysaqtagan-kudikti-eki-aiga-qamauga-alyndy/