Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев сотта телефонының құпия сөзін неге бермегенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Қуандық Бишімбаев сотта
Қуандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Қуандық Бишімбаев сотта жауап беруін жалғастырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бишімбаевтан жауап алу кезінде прокурор одан неліктен телефонының құпия сөзін бермегенін сұрады.

"Ол жерде біздің жеке видеоларымыз бар. Қызметкерлеріңіз оларды интернетте таратпайды деп кепілдік бере алмайсыз. Мен біздің видеоларымыздың интернетте жүргенін қаламаймын", - деді Бишімбаев.

Сондай-ақ сотталушы Нүкеновамен телефон арқылы жазысқан хаттары барын, бірақ қай уақыттан бастап бар екені есінде жоқ екенін айтты. Айтуынша, олар ажырасқаннан кейін Салтанатпен алмасқан хабарламаларын өшіріп тастаған.

Бұдан кейін прокурор Бишімбаевтан сотта қарау үшін телефонның құпия сөзін айтуға дайынсыз ба деп сұрады, сотталушы: "Иә, дайынмын" деп жауап берді.

Бұған дейін сот отырысында Салтанат Нүкенованың телефоныны зерттелді. Оның ішінде марқұмның смартфонындағы жазбалар да бар. Сол жерде Салтанат Бишімбаевқа: "Сен опасыздығың үшін кешірім де сұрамадың, ештеңе істемедің де, бәріне мені кінәлап, психотерапевтке қарал деп талап етесің" деп жазған.

Сондай-ақ бұған дейін "Мен сенің ойыншығың емеспін, үнемі қуа беретін, бір нәрсені бірнеше рет қайталай беретін балаң емеспін. Бір-бірімізге тіреу болуды үйренуіміз керек", - деп жазғанын айтқан едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079074-bisimbaev-sotta-telefonynyn-qupiya-sozin-nege-bermegenin-tusindirdi/