Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Опасыздығың үшін кешірім де сұрамадың": сотта Нүкенованың жазбалары оқылды

Опубликовано:

Салтанат Нүкенова
Салтанат Нүкенова. Фото: instagram.com/aitym

Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Бүгінгі сот отырысында Салтанат Нүкенованың ұялы телефонындағы хабарламалар мен жазбалар оқылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін сотта Салтанат Нүкенованың ұялы телефонындағы қоңыраулар, хабарламалар, жазбалар қаралды. Мемлекеттік айыптаушы 2023 жылғы 10 қазанда Салтанаттың телефонындағы жазбаны оқыды.

"Қуандық, Павлодарға біржола кетіп бара жатырмын. Мен ешқандай сезімнің жоғын түсіндім, қарым-қатынасты сақтап қалғым келмейді, бұл мүмкін емес. Опасыздығың үшін кешірім де сұрамадың. Барлығына мені кінәлап және психотерапевке бар дей бердің.

Сен соншалық соқырсың, енді шыдай алмаймын. Кешір, ұмыт мені, жібер. Өзім үшін нақты нүкте қойдым: ата-анамның қасында боламын, олар маған қарайды", - деп оқыды прокурор марқұмның жазбасын.

Бишімбаев бұған қатысты пікір білдірді.

"Шынымды айтсам, бұл мәтінді бірінші рет естіп тұрмын, психотерапевт туралы ол кеңес алуы керек екенін, психикасы тұрақсыз екенін айтып жүрдім.

Опасыздыққа қатысты: Ол қонақүйге кеткенде мен жай ғана кешігіп, сағат 21:30-да келгеніме және оның бейне қоңырауларына жауап бермегеніме байланысты. "Салтанат, шаршадым, сен басқа нәрсе ойлап тап" дедім. Оны күткен жоқпын: егер адам үнемі кетіп қала берсе, демек оған бәрібір. "Үйде отырмаймын, күтпеймін" дедім. Кейін "әйелдерді үйге неге әкелесің" деген хат алмасу болды", - деп түсіндірді Бишімбаев.

Айта кетейік, Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі өтіп жатыр. Айыпталушылар – күйеуі Қуандық Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжанов.

Айыпталып жатқан 3 сәуірде Бишімбаев куәгерлігін жалғастырды. Ол Салтанат қайтыс болған күні не болғанын баяндады.

Сондай-ақ ол Нүкенованың қайтыс болар алдында өзі құлап, біраз жарақат алғанын айтты.

Сонымен қатар судья Айжан Құлбаева сотты адастыруға әрекеттенген Бишімбаевтың адвокаттарына шара қолданатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2078759-opasyzdygyn-usin-kesirim-de-suramadyn-sotta-nukenovanyn-zazbalary-oqyldy/

pixel