Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әкімдік өкілдері Астанада жылу қашан өшірілетінін айтты

Опубликовано:

Радиатор
Радиатор. Көрнекі сурет: pxhere.com

Әкімдік Астанадағы жылуды өшірудің нақты күнін атамады. Ауа температурасы 5 күн бойы 10 градус жылы болған кезде өшіріледі, деп хабарлайды баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Жылуды өшіру үшін ауаның орташа тәуліктік температурасы +10°С болуы керек және жылыту маусымына дайындық және оны өткізу ережелеріне сәйкес 5 күн бойы сақталуы тиіс", - делінген қала әкімдігі таратқан хабарламада.

Жылыту маусымы ресми аяқталғанға дейін жекелеген өндірістік нысандар мен заңды тұлғалардың ғимараттары (тұтынушының өтініші бойынша) өшірілуі мүмкін екені атап өтілген.

Бұл ретте көпқабатты тұрғын үйлер жоғарыда аталған ережелерге сәйкес жылу беру маусымы аяқталғаннан кейін өшіріледі.

Денсаулық сақтау және білім беру нысандарына келсек, олар тұтынушының жазбаша өтініші бойынша жылу беру маусымын ұзарта алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079146-akimdik-okilderi-astanada-zylu-qasan-osiriletinin-aitty/

pixel