Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе әкімі ескерткен су қоймасының бөгеті бұзылды

Опубликовано:

Су қоймасы
Су қоймасы. Көрнекі фото: pexels.com

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында орналасқан Мағаджанов су қоймасының бөгеті бұзылды. Бұл туралы "Диапазон" басылымы облыстық әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

Еріген қар суының көбеюінен Мағаджанов су қоймасының бөгеті бұзылды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің хабарлауынша, бұл су қоймасы Хромтау ауданына қарасты Табантал ауылдық округінде орналасқан.

"Қызылту ауылынан 25 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4 бала, Табантал қыстауынан 11 адам Бесқоспа ауылындағы мектепке орналастырылды", - деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет облыстағы Мағаджан су қоймасының бұзылу қаупі туындағанын мәлімдеген. Осыған байланысты қала басшысы үндеу жасап, кейбір аумақ тұрғындарын үйін тастап шығуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079455-aqtobe-akimi-eskertken-su-qoimasynyn-bogeti-buzyldy/

pixel