Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың несие бойынша төлемі кейінге шегеріледі

Опубликовано:

Су көпірді бұзып ағып жатыр
Ақтөбе облысындағы жағдай. Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқыны жағдайын тексеріп, қауіпті аймақтағы ауыл тұрғындарын эвакуациялау жұмыстарын жеделдетуді тапсырды. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстан премьер-министрі, Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны зардаптарын жою жөніндегі республикалық штабтың жетекшісі Олжас Бектенов Ақтөбе облысындағы су тасқынына байланысты жағдайды тексерді.

Олжас Бектенов
Олжас Бектенов. Фото: primeminister.kz

Атап айтқанда, бірқатар су қоймаларын тікұшақпен аралап, су тасқынынан зардап шеккен үйлерге барды, сондай-ақ ахуалдық орталықтың жұмысымен танысып, республикалық штабтың отырысын өткізді.

Сол жерде Олжас Бектенов су басқан үйлердің жай-күйін қарап, тұрғындардың баспаналарын қалпына келтіру және басқа да қосымша қолдау шараларын көрсетуге қатысты сұрақтарына жауап берді.

Мәселен, әкімдік тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған барлық азаматтарға несиелер бойынша жылдың маусым айының соңына дейін 3 айға несие төлемдерін автоматты түрде кейінге шегеру мүмкіндігі беріледі, сонымен қатар төлемдерді кешіктіргені үшін айыппұлдар мен өсімпұлдар салынбайды.

Олжас Бектенов және жергілікті тұрғындар
Премьер-министрдің жергілікті халықпен кездесуі. Фото: primeminister.kz

Жалпы облыста тасқын қаупі әлі сейілмеген. Қазір өзендердің көпшілігінде су арнасынан асып кеткелі тұр. Өңірде 792 үй су астында қалды.

Облыстың 5 ауданында (Қобда, Мұғалжар, Темір, Әйтеке би, Ойыл) және Ақтөбе қаласында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.

Су тасқынына қарсы іс-шараларға жеке құрамнан 3140 адам, 664 техника жұмылдырылды. Барлығы 8 978 адам қауіпсіз жерге көшірілді.

Олжас Бектенов көлемі 15,8 млн м3 болатын Мағаджан бөгетін аралап көрді, онда қарғын су ағыны салдарынан Мағаджан су қоймасының бөгеті бұзылды.

Қызылту ауылынан 25 адам, Табантал қыстағынан 11 адам эвакуацияланды.

Сонымен қатар болжамдарға сәйкес, 5-11 сәуір аралығында облыстың барлық аумағында ауа температурасы айтарлықтай жылынуы мүмкін, қатты жауын-шашын күтілмейді.

Осыған байланысты су тасқынынан зардап шеккен ауылдармен қатар, қайта су алып кету қаупі жоқ аймақтардағы елді мекендердің тыныс-тіршілігін де қалпына келтіруге назар аударылды.

Ақтөбе облысы
Ақтөбе облысындағы жағдай. Фото: primeminister.kz

Мәселен, қазірдің өзінде 26 елді мекенде электр қуатымен жабдықтау қалпына келтірілді.

Республикалық маңызы бар 9, облыстық маңызы бар – 3 жолда және 9 аудандық маңызы бар жолда судың тоқтауына байланысты көлік қозғалысына қойылған шектеулер алынып тасталды.

Сонымен қатар Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен және қиын жағдайға тап болған тұрғындар әкімдікке тиісті өтінішпен жүгіну арқылы бір реттік төлем ала алады.

Қорытынды бойынша үкімет басшысы Олжас Бектенов су тасқыны салдарын жойғаннан кейін коммуналдық және жеке меншіктегі гидротехникалық құрылыстарда жан-жақты тексеруді тапсырды. Ақтөбе облысында барлығы 206 гидротехникалық құрылыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079482-su-tasqynynan-zardap-sekken-turgyndardyn-nesie-boiynsa-tolemi-keiinge-segeriledi/

pixel