Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ісі: прокурордың атынан жалған парақша ашылған

Опубликовано:

Айжан Аймағанова сол жақта
Айжан Аймағанова сол жақта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишимбаевтің ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының атынан Instagram әлеуметтік желісінде жалған парақша ашылған. Бұл туралы Бас прокуратура ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Instagram әлеуметтік желісінде aijan.aimaganova деген парақша анықталды. Парақшаға 15 000 мыңнан астам адам жазылып үлгерген.

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған.

Бас прокуратура ақпаратынша, парақшада келесі жазба жарияланған:

"Құрметті қазақстандықтар! Парақшаны жеке адамдардың өтініші бойынша аштым. Бірақ, мен блогер емеспін. Сіздердің жеке хаттарыңызға жауап бере алмаймын. Жекеге шығып жазбаңыздар. Жауап бермей, сіздерді ренжітіп алуым мүмкін. Мен кәдімгі прокурормын... Жаңа Қазақстан үшін жұмыс істеуге уәде беремін!".

Осы ретте Бас прокуратура өкілдері бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан ашылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлады.

"Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2079515-bas-prokuratura-bisimbaev-isi-boiynsa-prokurordyn-atynan-zalgan-paraqsa-asylganyn-xabarlady/

pixel