jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Жаңбыр, тұман": елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Көшедегі көліктер
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер республика бойынша 6-8 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы ауа-райы күтіледі.

Алдағы күндері республика бойынша жаңбыр жауады деп бложанған.

Мамандардың болжамынша, 6-8 сәуірде түнгі уақытта солтүстік-батыста, 8 сәуірде солтүстікте жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) жауып, жел күшеюі ықтимал.

Сонымен қатар 6 сәуірде Батыс Қазақстан, Түркістан және Жамбыл облыстарында, 6-7 сәуірде Алматы облысында, 8 сәуірде Ұлытау және Қарағанды облыстарында көп мөлшерде жауын-шашын түседі.

Синоптиктер еліміздің оңтүстік аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл соғады деп болжады. Сондай-ақ алдағы күндері Қазақстан бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады.

Республикамыздың солтүстік-батысы мен солтүстігінде ауа температурасы күндіз +13...+20 градус +7...+15 градусқа дейін төмендейді. Еліміздің орталығы мен шығысында күндіз термометр бағаны +15...+20 градусқа дейін көтеріледі.

"Жаңбыр, тұман": елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.