jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәлігі беріле бастайды

Фото
Көрнекі фото: Pexels

Ішкі істер министрлігі 2024 жылы халықаралық жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметті енгізу жұмыстары аяқталатынын мәлім етті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігі Жол қозғалысы туралы конвенцияға (Вена, 1968 жыл) қол қойған елдерде жарамды. Қазіргі уақытта бұл қатарда 80-нен аса мемлекет бар.

Сондай-ақ, Қазақстанның жүргізуші куәлігі Жапония мен Үндістанда жарамды.

"АҚШ-та қазақстандық жүргізуші куәлігі жарамсыз, сондықтан осы елдің аумағында көлік құралдарын жүргізу рұқсат жергілікті заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады", - деп хабарлады Ішкі істер министрлігі өкілдері.

Ведомстводағылар жол қозғалысы бойынша нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес халықаралық жүргізуші куәліктерін беру қарастырылғанын атап өтті.

"Халық арасында туындап отырған сұранысты ескере отырып, қазақстандық жүргізуші куәлігін әлем елдерінің жартысына жуығы мойындалғанына қарамастан, Ішкі істер министрлігі халықарлыө жүргізуші куәлігін беру бойынша мемлекеттік қызметті енгізу бойынша жұмыс жүріп жатыр. Бұл жұмыстың аяқтаулыосы жылға жоспарланған", - делінген ІІМ баспасөз хабарламасында.

Қазақстанда халықаралық жүргізуші куәлігі беріле бастайды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.