jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Қырғызстанның қазақ еліне жолдаған гуманитарлық көмегі Жамбыл облысына келіп жетті

Жүк көлігі Қырғызстаннан Қазақстанға гуманитарлық көмек әкеле жатыр
Қырғызстаннан келе жатқан жүк көлігі. Фото: ҚР ТЖМ

Қырғыз Республикасы Қазақстанға бастамашыл гуманитарлық көмек жолдады. Бұл жөнінде ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді.

"15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті.

Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады", - делінген ТЖМ хабарламасында.

Айта кетейік, 4 сәуірде Қырғызстан министрлер кабинетінің басшысы Ақылбек Жапаров Қырғызстаннан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберілетінін мәлімдеген еді.

"Жылу электр орталығында апат болған кезде біз ештеңе сұраған жоқпыз, бірақ көрші ел Қазақстан бізге гуманитарлық көмек жіберді. Біз де сұрамаса да, көмек жібереміз", - деген еді Жапаров парламент отырысында.

Бүгін, яғни 6 сәуірде мемлекет басшысы Қырғызстан президентімен телефон арқылы сөйлесіп, су тасқынына байланысты бауырлас елдің көрсеткен көмегі үшін Садыр Жапаров пен Қырғызстан халқына алғыс айтты. Сондай-ақ бұл гуманитарлық көмек екі ел арасындағы шынайы достықты, тілеулестікті және тығыз одақтастық қарым-қатынасты білдіретінін атап өтті.

Қырғызстанның қазақ еліне жолдаған гуманитарлық көмегі Жамбыл облысына келіп жетті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.