Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы су тасқынында 64 мыңға жуық адам эвакуацияланған

Опубликовано:

Эвакуация пункті
Эвакуация пункті. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ ТЖ жою департаментінің басшысы Каһарман Оразалин ОКҚ брифингінде су тасқынына байланысты Қазақстан өңірлерінен тұрғындарды эвакуациялау бойынша жаңа деректерді жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 391 жеке үй, 1 059 саяжай және 79 үй су астында қалып отыр.

"Қазіргі уақытта 63 927 адам құтқарылып, эвакуацияланды, оның 45-і мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ 15 283-і бала", - деді Каһарман Оразалин.

Орналастыру пункттерінде 13 328 адам, оның ішінде 6 742 бала бар.

Спикер олардың бәрімен психологтар жұмыс істейтіні, барлық қажетті көмек көрсетілетіні айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080202-qazaqstandagy-su-tasqynynda-64-mynga-zuyq-adam-evakuaciyalangan/

pixel