Су басқан Құлсарыда тұрғындар мен үй жануарларын құтқару сәті көрсетілді
Жарияланған күні:
Су басқан Құлсарыда құтқарушылар тұрғындар мен үй жануарларын құтқару сәтін көрсетті. Видео Төтенше жағдайлар министрлігінің Telegram-дағы арнасында жарияланды.
"Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр. Құтқарушылар тұрғындар мен олардың үй жануарларын эвакуациялауға көмек көрсетіп жатыр", - делінген хабарда.
Қазіргі уақытта Жылыой ауданында 28 501 тұрғын, оның ішінде 6 781 бала эвакуацияланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080208-su-basqan-qulsaryda-qutqarusylar-turgyndar-men-ui-zanuarlaryn-qutqaru-satin-korsetti/