Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынынан зардап шеккендерге төленетін өтемақы: Еңбекмин мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Атырау облысындағы эвакуация сәті
Атырау облысындағы эвакуация сәті. Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Еңбек министрлігі су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төленетіні туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды – ведомство бұл мәселемен айналыспайды. Бұл жөнінде министрлікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайтында Еңбекмині су тасқынынан зардап шеккендерге өтемақы төлемдерін іске асыратыны туралы әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде жалған ақпарат таратылып жатқанын жазады.

"Белгісіз тұлғалар төлемдерді алу үшін "Толығырақ" батырмасын басуды немесе сілтемеге өтуді ұсынады. Хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтардың азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін ешбір жағдайда сілтемеге өтпеуге кеңес береміз", - делінген хабарламада.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға жергілікті атқарушы органдар біржолғы төлем түрінде көмек көрсетеді. Олардың мөлшері әр өңірде келтірілген материалдық залалды есептеу үшін құрылған арнайы комиссиялардың шешімі бойынша жеке-жеке белгіленбек.

"Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады

Азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырамыз", - делінген министрлік ақпаратында.

Сондай-ақ жалған ақпарат тарату заңға қайшы екені ескертілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2080511-su-tasqynynan-zardap-sekkenderge-tolenetin-otemaqy-enbekmin-malimdeme-zasady/

pixel