jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Су тасқыны болған аймақтарда ауыз судың ластанғаны рас па: ДСМ өкілдері жауап берді

Ауыз су 1
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның су басқан аймақтарында ауыз судың ластанғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап хабарлайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі күндері мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде су басқан аумақтарда инфекциялық аурулардың өршу қаупі, эпидемиологиялық қызмет тарапынан бақылаудың жеткіліксіздігі туралы аудио және бейне форматта жалған хабарламалар пайда бола бастаған.

"Атап айтқанда, ауыз суда ішек инфекцияларының пайда болу жағдайлары туралы жалған ақпарат таралуда, бұл шындыққа жанаспайды", - делінген хабарламада.

Ведомство ақпараты бойынша су тасқыны жағдайына байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің (СЭС) жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылған.

"Инфекциялық сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты, су тасқыны кезеңіне тән нозологиялар бойынша инфекциялық сырқаттанушылықты тіркеу көрсеткіші өткен жылдардың орташа республикалық көрсеткішінен (2022-2023 жылдар) аспайды", - деді ДСМ өкілдері.

Сондай-ақ министрлік өкілдері барлық объектіде инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында СЭС органдары ауыз сумен жабдықтауға бақылауды күшейткенін айта кетті.

Сонымен қатар олар эпидемиологиялық жағдай туралы сенімді ақпарат алу үшін ресми дереккөздерге, Денсаулық сақтау министрлігіне, Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне, жергілікті жерлердегі Денсаулық сақтау басқармасына хабарласу керектігін еске салды.

Су тасқыны болған аймақтарда ауыз судың ластанғаны рас па: ДСМ өкілдері жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.