Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев ұсталған кезде өзін қалай ұстады: сотта полицейдің видеожетонындағы жазбалар көрсетілді

Опубликовано:

Куандық Бишімбаев.
Куандық Бишімбаев сотта. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот отырысында Қуандық Бишімбаевты ұстау кезінде полиция қызметкерінің видеожетонына жазылған жазбалар көрсетілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгінгі сот отырысында Астана полция департаментінің патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторы, куәгер Максим Марченкодан жауап алынды. Кейін оның видеожетонына жазылған жазбалар қаралды.

Кадрлардан BAU мейрамханасына полицейлер келген сәттен бастап не болғанын байқауға болады.

Кадрларда Қуандық Бишімбаевтың ұсталған сәті көрсетілген. Оның сол сәтте өзін қалай ұстағаны да видеоға жазылып қалған.

Ұстау кезінде Бишімбаев өзін кінәлі екенін айтады.

"Жігіттер, өтінемін, мен кінәлімін, білемін. Маған, аяқ киім беріңіздерші, мен жалаңаяқ тұрмын", - дейді Бишімбаев.

Полиция қызметкерлері "қазір мән-жайды анықтайтынын", оған "шұлық та, аяқ киім де" берілетіні туралы айтады. Сондай-ақ видеорегистраторға BAU залы да түсіп қалған. Ол жерде Бишімбаевтың жылағаны және таң атқанша Салтанатпен ұрысқанын айтқаны естіледі.

Сондай-ақ полицейлер одан "мейрамхананың иесісіз бе, осында тұрасыз ба" деп нақтылағанда, Бишімбаев бұл жерде тұрмайтынын айтады. Әйеліңіз Салтанатпен заңды некедесіз бе деген сұраққа мұсылмандық некеде болғанын айтып, жауап береді.

Сонымен қатар видеода Қуандық Бишімбаевтың көзіне жас алып: "Екеуміз ұрысып қалдық, ұрдым, ол рас, сосын ол таңертең ұйықтап қалды. Бақытжан келді. Ол ұйықтап, қорылдап жатты. Білмеймін, біз таңға дейін, таңғы сағат 7-8-ге дейін ұрыстық", - деп айтып жатқан сәтінен үзінді көрсетілген.

Кейінірек Бишімбаевтың дауысы өзгеріп, сабырға келіп былай деген: "Біз ұрысып қалдық, тұрмыстық жанжал, оны ұрдым. Кейін ол диванға жатты, мас болды, мен оны үйге апара алмадым".

Ал жәбірленушілердің адвокаты алғаш айғақ бергенде Бишімбаев Нүкенованың төрт рет құлап, басын унитазға немесе еденге ұрғанын ешқашан айтпағанын жеткізді.

"Ол ұрып-соққанын ғана айтты. Бірақ ол құлап, басын еденге және унитазға соққаны туралы айтпады. Айғақ беруге дайындалып, тек 4 айдан соң сот залында осындай оқиғаны ойластырып отыр", - дейді адвокат.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081087-bisimbaev-qamauga-alyngan-kezde-ozin-qalai-ustady-sotta-policiyanyn-videozetonyndagy-zazbalar-korsetildi/

pixel