Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкімдіктен ешқандай көмек болған жоқ": су тасқыны кезінде әкесі мен ағасы жоғалып кеткен қыз жанайқайын жеткізді

Опубликовано:

Жоғалған азаматтардың туыстары
Жоғалған азаматтардың туыстары. Фото: massaget.kz

6 сәуірде Атырау облысы Құлсары қаласында бір үйдің екі азаматы жоғалып кетті. Олардың жақындары Massaget.kz басылымына сұхбат берді.

Басылым ақпараты бойынша, 6 сәуірде Құлсарыда үйін қайта тексеруге шығып, жоғалып кеткен әкелі-балалы Болатбек Ермекбаев пен Асылхан Нұржаудың жақындары жанайқайын жеткізді.

Жоғалып кеткен ер адамның қызы Диана Нұржауованың сөзінше, екі азаматты іздеу кезінде жергілікті жауаптылар селқостық танытқан.

Диана Нұржауова
Диана Нұржауова. Фото: massaget.kz

"Біз әкем мен ағамды іздестіріп екі күннен бері жүрміз. Алтыншы сәуір күні сағат 12 шамасында Алтыншы ауылдан түскі ас ішіп шығып үйге келеді. Содан кейін суға кеткен үйді қараймыз деп көлікпен шығып кеткен. Машинасын дүкеннің қасына қалдырған. Содан бері із-түссіз жоқ. Сағат төртте Қосшағылдан келіп өзіміз іздей бастаймыз. Сол кезден бастап ТЖД өкілдеріне, полицияға хабар бердік. Бірақ біз келгенге дейін құзырлы органдар қимылдамады. Полицияның өзі келесі күні сағат ондар шамасында келді. Ал төтеншеліктер көмектеспеді. Мен аудан әкіміне, орынбасарына бәріне бардым. Бізге әкімдіктен ешқандай көмек болған жоқ. Оларға адам шығыны маңызды емес", - деді жоғалған азаматтың қызы Диана Нұржауова.

Бұл ретте жоғалған азаматтардың жақындары журналистердің көмегіне жүгінген. Қоңырау шалынғаннан кейін құтқару қызметтері тез арада іздеуге кіріскен.

"Қайықтардың барлығы Құлсарыда бар екен. Алайда бізге екі күн бойы бұл техникаларды бермеді. Бензин жоқ деп сылтауратады. Журналистерге айтқан соң тығып отырған қайықтарын алып келді. Құтқарушылардан басқа бізге кім көмектеседі? Ең құрығанда полиция өкілдері осы аймақты күзетуі керек. Себебі менің әкем мен ағам секілді қанша адам үйлерін қарау үшін кетіп жатыр. Олар да ойда-жоқта жазым болуы мүмкін ғой", - деді жоғалған ер адамдардың туыстары.

Сондай-ақ басылым жоғалған азаматтардың туыстарының сөзіне сүйеніп жазуынша, полицейлер тіпті жоғалған адамның қайда екенін телефон арқылы анықтауға тырыспаған. Олар тек бүгін ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп, іздестіру жұмыстарына бастаған.

"Полиция адамдар жоғалған жаққа мені көлікпен апарды. Ішінде отырған алты адам маған жабылды. "Менің үстімнен арыз жазсаң да мен іздемеймін", - деді. Қараңғыда өзім көліктен түсіп, аяғымдағы крассовкаға қарамастан су кешіп, үйді айналып жүгірдім. Ал киіммен отырған ТЖД өкілдері ештеңі істемейді", - деді жоғалған азаматтың қызы.

Басылымның Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлауынша, ТЖД қызметкерлері әрбір қоңырауға уақытылы жауап беріп, жедел әрекет етіп отыр. Қазір жоғалған азаматтарды іздестіруге 8 қайық пен 20 адам жұмылдырылған.

"Алғашқы күні сиреналар қосылып, тұрғындарға құзіреттік шаралар арқылы хабарламалар берілді. Соған қарамастан адамдар су басқан үйлеріне барғысы келіп қайықтар сұрап жатыр. Алайда ол аумақтарға баруға болмайды. Күні кеше екі адамның мәйіті табылды. Ал қазір әкелі-балалы екі адам тәулік бойы іздестіріліп жатыр. Полиция депортаментінің көмегімен ұялы телефондарының соңғы рет бірінші шағынауданда қосылғанын да анықтадық. Десек те әзірге іздестіру жұмыстары нәтиже бермей тұр", - деді Атырау облысы ТЖД төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Жантөре Демешов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081444-akimdikten-esqandai-komek-bolgan-zoq-su-tasqyny-kezinde-zogalyp-ketken-adamdardyn-tuystary-zanaiqaiyn-zetkizdi/

pixel