Скляр СҚО-дағы бір ауылдың тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды тапсырды
Жарияланған күні:
Бірінші вице-премьер Роман Скляр СҚО-дағы Заречный кентінің тұрғындарын шұғыл эвакуациялауды тапсырды. Бұл туралы үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Заречный кенті Ущев көшесі мен Прибрежное ауылы бойындағы бөгеттерді аралады.
Ол Ойқаладағы су тасқынына қарсы қорғаныс бекіністерінің, эвакуациялау пунктінің дайындығын тексеріп, Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің баяндамасын тыңдады.
Баяндама қорытындысы бойынша Заречный кентінде тұратын 239 тұрғынды эвакуациялауды бастауды тапсырды.
Айта кетейік, 4 сәуірде Петропавлда тұрғын үйлерді су басуына байланысты жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
7 сәуірде СҚО әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев 7-8 күн ішінде су тасқыны Петропавл қаласына жетуі мүмкін екенін, облыстың үш ауданына да қауіп төніп тұрғанын ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081567-sklyar-sqo-dagy-bir-auyldyn-turgyndaryn-sugyl-evakuaciyalaudy-tapsyrdy/