"Түнімен жол жүрдім": Дағыстан тұрғыны Атырауға 50 мың қап алып келді
Жарияланған күні:
Ресейдегі Дағыстан Республикасының тұрғыны Омарасхаб Ахмедов Атырауға 50 мың қап алып келді. Дағыстандық Атырау облысына дейін 50 қап салынған сөмкелерді жеткізу үшін 24 сағат жол жүрген, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.
Агенттік мәліметінше, Омарасхаб Ахмедов Дағыстанның Хасавюрт қаласының маңында ауылда тұрады.
"Туысқандарым әлеуметтік желіден Қазақстанның Ресеймен шекаралас аймақтарында тасқын судан қорғаныс бөгетін бекіту үшін қап жетіспейді деген ақпаратты оқыпты. Олар бұл ақпаратты маған жеткізді.
Содан соң бауырлас елге көмек беру үшін таныстарымнан қап іздей бастадым. Досымның зат сақтайтын қоймасы бар еді. Түнгі сағат 02:00 шамасында сол қоймадан жүк таситын ГАЗель көлігіме 50 қапты тиеп, жолға шықтым. Атырауға тезірек жету үшін түнімен жолда жүрдім", - дейді Омарасхаб Ахмедов.
Оның айтуынша, туған жеріндегі таныстары мен достары туған жеріне оралуын асыға күтіп отыр. Енді олардың Атырау облысына гуманитарлық көмектің тағы бір партиясын жеткізеді.
"Тұратын еліміз бөлек болғанымен, қиындық кезде бір-бірімізге қолдау көрсетуіміз керек. Мақсатым – туысқан халықтың осындай қиындықтан аман қалуына үлесімді қосу", - дейді Омарасхаб Ахмедов.
Агенттік ақпарат бойынша Ресейдегі Астрахань облысында тұратын қандастар да гуманитарлық көмек жинап жатыр. Олар жақында гуманитарлық жүкті Атырауға жібереді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081744-tunimen-zol-zurdim-dagystan-turgyny-atyrauga-50-myn-qap-alyp-keldi/