Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі 180 азамат жасанды сана курстарын меңгереді

Опубликовано:

"OrleTECH 3.0" жобасына қол қою
Фото: Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қоры

Ерекше қажеттіліктері бар, сондай-ақ әлеуметтік осал санаттағы 18-35 жас аралығындағы азаматтар AI-маманы, No Code әзірлеуші, UI/UX + Web-маманы сияқты нарықта сұранысы бар мамандықтарға үйренеді. Курстар қазақ және орыс тілдерінде әзірленген және есту қабілеті бұзылған жастар үшін ым-ишара тіліне бейімделген.

OrleTECH 3.0 жобасы Samruk-Kazyna Trust қоры және "Шелл Қазақстан" компаниясының қаржылық қолдауымен IteachMe қоғамдық қоры арқылы жүзеге асырылады. Бұл қадам жоба қатысушыларын оқытып қана қоймай, оларға алған білімін әрі қарай монетизациялауға, жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі.

Қатысушыларды іріктеу мамыр мен маусым аралығында өтіп, оған мүдделі жастар еліміздің кез келген өңірінен қатыса алады. Өтінімдер арнайы әзірленген сайт арқылы онлайн түрінде қабылданады.

Шілдеде үш қалада іріктелген жастардың өрісі мен біліктілігін шыңдап, мүгедектікке байланысты кедергілерді жеңуге арналған 3 күндік soft skills офлайн лагері ұйымдастырылады. Кейін тамыз бен қазан аралығында жастар таңдаған мамандығы бойынша 3 айлық онлайн курстан өтеді. Ал қараша айында жобаны сәтті аяқтап, курс жұмысын қорғаған қатысушыларға сертификаттар табысталады. Мұнымен бірге оқу басталған сәттен бастап бірнеше ай бойы қатысушылар жұмысқа орналасу, қызметті монетизациялау бойынша шеберлік сағаттары мен кездесулеріне қатыспақ. Оларға түйіндемесін, жұмыс портфолиосын жасауға кеңестер беріліп, әлеуетті жұмыс берушілер ұсынылады.

Таяуда Samruk-Kazyna Trust және "Шелл Қазақстан" серіктестікті одан әрі нығайту және әлеуметтік маңызды жобаларды әзірлеу жөнінде меморандумға қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081756-qazaqstanda-mumkindigi-sekteuli-180-azamat-zasandy-sana-kurstaryn-mengeredi/

pixel