Нүкенованың құрбысы марқұмның Бишімбаевпен қарым-қатынасы туралы баяндады
Жарияланған күні:
Читать на русскомМарқұм Салтанат Нүкенованың құрбысы Аида Ахмедина әйелін өлтірді деп айыпталған Бишімбаев пен Нүкенованың қарым-қатынасы туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Аида Ахмедина Салтанат Нүкенова Бишімбаевпен үйлену тойынан кейін достарымен белсенді араласуды тоқтатқанын айтты.
"8 наурыздан кейін ол маған телефон соғып, алғаш рет Қуандық екеуі жиі ұрыса бастағанын айтты. Себебін сұрағанда Қуандық жұмысқа шықпай, 24/7 үнемі қасында болатынын айтты.
Қуандық жұмыс істемейтіндіктен жиналған барлық энергиясын марқұмға бағыттайтынын: үнемі сөйлескісі келетінін, түнде ұйықтауға мүмкіндік бермейтіні, өзі бірнеше күн ұйықтамауы мүмкін екенін айтты. Салтанаттың сөзінше, кішкене жанжал шықса, сыйлықтарды лақтырып жібереді екен.
Жаңа жылдың алдында ол қымбат сағат сыйлап, оны терезеден бірнеше рет лақтырып жіберген. Соңғы рет лақтырғанда іздеп, таппаған", - деді Ахмедина.
Аиданың сөзінше, құрбысы Салтанат Бишімбаев оны үнемі бақылауда ұстайтынын бірнеше рет айтқан.
"Салтанат маникюр жасатуға да бара алмайтынын айтты. Бірде Салтанат маникюр жасатқан кезде Қуандық келіп, процедураның ұзаққа созылғанына жынданған. Маникюрді аяқтатпай, кетіп қалды.
"Салта, егер сен тәулік бойы қасыңда болса, ұрыса бересіңдер, дедім. Бұрын ол кеңес өткізіп, кешке қайтатын. Кеңестеріңді өткіз, деп айттым. Қуандық әлеуметтік желі жүргізуге рұқсат бермейтінін, барлық жазба сол жақта екенін айтты. Парақша белсенді болмаса, жазба жүргізілмейді ғой", - деді Ахмедина.
Аиданың айтуынша, 2023 жылғы сәуір айында демалыста жүрген Салтанаттан "қорқатынын және адвокат керек екені жазылған" хабарлама алған.
"Салтанат "бәріне дайын болуым керек" деді. Хабарламада Қуандық оны ұрғаны, ол фотоны Айтымға жібергенін айтты. Айтым келді, олар төбелесті, деді. Ол бірнеше рет кетуге тырысты, ал Қуандық оны жібермейтінін айтты.
Оның айтуынша, Қуандық Салтанаттың отбасы оны бопсалайды деген, сондықтан оған Салтанаттың жалаңаштанған видеосы қажет болған. Мен: "Сен солай жасадың ба?" деп сұрадым, ол растап, "істемегенде қайда барамын" деп айтты", - деді марқұмның құрбысы.
Аида Ахмединаның айтуынша, кейін әңгімелескенде Салтанат Нүкенова Бишімбаевты ақтап, ұрып-соқпағанын, тек кішкентай ғана көгеру болғанын айтқан. Ол сондай-ақ оның оны жай ғана ренжіткенін, ісіну оның түні бойы жылағаннан болғанын айтты.
Марқұмның құрбысы 2023 жылғы жаз айында Салтанатпен мүлдем көріспегенін, бірақ олар телефон арқылы сөйлесіп тұрғанын айтты.
"Тамыз айының аяғында ол маған телефон соқты, ол кезде Павлодардағы апайында қонақта болып, Қуандықтан мүлдем кетіп қалғанын, қарым-қатынасты тоқтатқанын, бұлай өмір сүруге болмайтынын айтты.
Ол бақылаушымен бірге тұрғанын айтты. Қуандық Салтаның қате сөйлегеніне де, дұрыс қарамай қалса да үнемі қолын көтеріп отырған. Ол туған күнінің алдында оған қол көтергенін айтты.
Оның шашынан жиі тартатынын, оның үш түйір шашы қалғанын, шашы уыстап түсетінін айтты", - дейді Аида Ахмедина.
Ахмединаның айтуынша, Салтанат онымен 20 күн дей хабарласпай кеткен. Кейін әлеуметтік желіде Салтанаттың Бишімбаевпен бірге Түркияға кеткенін көргенін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2081813-nukenovanyn-qurbysy-marqumnyn-bisimbaevpen-qarym-qatynasy-turaly-bayandady/