Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда су басқан өңірлерден 96 мыңнан аса адам эвакуацияланды (фото)

Опубликовано:

Су сорғыту жұмыстары
Су сорғыту жұмыстары. Фото: ТЖМ

Қазақстанның су басқан аймақтарынан осы уақытқа дейін 96 472 адам, оның үштен бірі - балалар, эвакуацияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Су тасқыны басталғалы бері 96 472 адам, оның ішінде 31 640 бала құтқарылды. Уақытша орналасу пунктеріне 7 605 адам, оның ішінде 3 474 бала орналастырылды", - деліген ТЖМ-нің Telegram-дағы ресми арнасында.

Бірлескен күштермен 8,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды, 1,3 млн қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді.

Сонымен қатар 2 750 тұрғын үй мен 1 816 аула аумағынан су бұрылғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082179-qazaqstanda-su-basqan-onirlerden-96-mynnan-asa-adam-evakuaciyalandy-foto/

pixel