Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сергеев су қоймасының тасуы: СҚО тұрғындары ауыз су сапасына алаңдап отыр

Опубликовано:

Ауыз су
Ағыр тұрған су. Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда Сергеев су қоймасының тасуына байланысты су тасқыны қаупі бар. Ал облыс тұрғындарын ауыз судың сапасы алаңдатады, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, қазір Сергеев су қоймасы 180 пайыз толған.

Мамандар бөгет арнасынан асты, енді су деңгейі төмендейді деп отыр. Биіктігі 410 сантиметрге жеткен. Бірақ бұл деңгей де өте жоғары: облыста рекордтық су тасқыны тіркелген 2017 жылмен салыстырғанда 72 сантиметрге жоғары.

Қазір су облыс орталығына қарай ағып жатыр.

Покровка ауылының маңында құтқарушылар елдімекендердегі ағындарды бұру үшін Петропавл-Жезқазған республикалық тас жолын қазды. Қауіпті аймақтардан 600-ден астам адам мен 2 мыңнан астам үй жануарлары эвакуацияланды. Эвакуацияланған тұрғындардың үйін полиция қорғауға алды.

Қазір тұрғындарды ауыз су сапасы алаңдатады. Бірақ санитариялық мамандар жағдайдың бақылауда екенін айтады.

"Лас су келді, бірақ бәріміз лас су ішіп жатырмыз" деген ақпарат мүлдем шындыққа жанаспайды. Күніне кемінде 32 сынама бактериологиялық, санитарлық-химиялық, бастапқы су зерттеледі. Нәтижелері – теріс. Краннан келетін судың бәрі нашар деп айтуға болмайды", - деді СҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Татьяна Горлова.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082725-sergeev-su-qoimasynyn-tasuy-sqo-turgyndaryn-auyz-su-sapasy-alandatady/

pixel