Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атбасар қаласын су басып, ауданда төтенше жағдай жарияланды (видео)

Жарияланған күні:

Атбасар су тасқыны
Атбасар су тасқыны. Видеодан кадр: ТЖМ

Жабай өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты Ақмола облысының Атбасар қаласында су тасқыны болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Атбасар ауданы әкімдігінің мәліметінше, 2024 жылғы 11 сәуірде Атбасар қаласында сағат 4.58-де Жабай өзені тасыды.

"Барлық ескерту жүйесі дереу іске қосылды. Халықты эвакуациялау, сондай-ақ объектілер мен тұрғын үйлерді қорғау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Қазіргі уақытта мотопомпалардың көмегімен еріген суды сору жұмыстары жүргізілуде. Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің 400-ден астам адамы мен 100 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжановтың өңірде болған су тасқынына байланысты тұрғындарға үндеу жасады.

"Құрметті, Атбасар тұрғындары! 11 сәуірде Жабай өзені деңгейінің 5,8 м-ге дейін көтерілуіне байланысты (критикалық деңгей 4,45 м), Атбасар қаласының бірнеше учаскелерінде су тасқыны болды. Су тасқынан қарсы іс-шаралар және тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта аудан төтенше жағдай жарияланды. Қалада эвакуация пункттері жұмыс істеп жатыр", - деді аудан басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2082887-atbasar-qalasynda-su-tasqyny-boldy/