jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Елдегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасады

Әуежай
Әуежай. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға 21 сәуірді қоса алғанда батыс аймақтағы қалаларға сатып алынған билет қаражатын толық қайтаруды ұсынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әуе компанияның Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жолаушылардың назарына! Еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға 21 сәуірді қоса алғанда жоспарланған Атырау, Ақтөбе және Орал қалаларына барлық рейс үшін сатып алу орны бойынша қаражатты толық қайтаруды ұсынады.

Жолаушылар ыңғайлығы үшін айыппұлсыз 15 мамырға дейін қайта брондау мүмкіндігі беріледі", - делінген хабарламада.

Еске салайық, Air Astana тобы қажет болған жағдайда зардап шеккендерге ұшу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін тасымалдау сыйымдылығын 2500-ден астам орынға арттырып, Атыраудан қосымша 14 рейс іске қосты.

Әуе компаниясы қосымша ақпарат алу үшін мына байланыс номерлерін қалдырды: +7 727 244 4477, +7 7172 584477, +7 702 702 4477, +7 705 927 4477 WhatsApp: +7 702 702 00 74 (24/7)

Елдегі су тасқынына байланысты Air Astana әуекомпаниясы жолаушыларға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.