jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ардақ Құлтай
Ардақ Құлтай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда мамырдағы демалысты 4-інен 8-іне ауыстыру жоспарланды

күнтізбе
Күнтізбе. Көрнекі фото: pixabay.com

Мамырдағы мереке күндері қазақстандықтар қатарынан үш күн – 7-9 мамыр аралығында демала алады. Сенбіде, 4 мамырда, барлығы үшін жұмыс күні болады, деп хабарлайды NUR.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ашық НҚА" порталында ведомство басшысының "2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы" бұйрығының жобасын дайындап, орналастырған.

Құжат демалыс күнін 4 мамыр, сенбіден осы жылғы 8 мамыр, сәрсенбіге ауыстыруды көздейді. Осылайша, мамыр мерекелерінде қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни  7, 8 және 9 мамырда демалады.

"2024 жылы демалыс күнін ауыстыру туралы ұсыныс Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. Мереке күндері, сондай-ақ демалыс күндері жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында еңбек жөніндегі уәкілетті орган демалыс күндерін басқа жұмыс күндеріне ауыстыруға құқылы", - делінген ведомство сайтындағы хабарда.

Қазақстанда мамырдағы демалысты 4-інен 8-іне ауыстыру жоспарланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.