Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сарапшылар Қазақстандағы қалыңдық пен күйеу жігіттің орташа жасын атады

Опубликовано:

Неке жүзігі
Неке жүзігі. Көрнекі фото: pixabay.com

Статистика бойынша, өткен жылы астаналықтар көбірек үйленген, бір қызығы, Түркістан облысының тұрғындары некеге тұруға аса құлық танытпаған. Өйткені бұл өңір сатистикада ең соңғы орында тұр. Бұл туралы Data Hub сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының Бірінші кредиттік бюроның Telegram-дағы Data Hud арнасы келтірген деректеріне сәйкес, 2023 жылдың соңында Астана тұрғындары 1000 адамға шаққандағы неке саны бойынша Қазақстанның басқа өңірлерін басып озған – 7,46. Ал көш соңында Түркістан облысы тұр. Мұнда некеге тұру көрсеткіші елдегі ең төменгі көрсеткіш болып шықты әрі небәрі – 5,55.

Сондай-ақ авторлар бірқатар деректер келтіреді. Мәселен, 10 жағдайдың 8-інде қазақстандықтар бірінші рет некеге тұрғаны белгілі болды. Бұл ретте күйеу жігіттің орташа жасы – 27,8 жас, қалыңдықтың жасы – 25,2 жас. Сондай-ақ қалыңдықтардың 41 пайызы жоғары білімді болса, жоғары оқу орнын бітірген күйеу жігіттердің үлесі біршама төмен – 39 пайыз.

Жас ауқымы бойынша 2023 жылы некеге тұрған ерлердің көбі 20 мен 39 жас аралығында (85%), ал әйелдердің көбі 18 мен 34 жас аралығында (82%) болған.

Оның үстіне Қазақстанда құрылған әр бесінші шаңырақ ұлтаралық отбасы болып саналады.

Қазақстандықтар көбіне маусым мен тамыз айларында некеге тұруды жөн көрген, ал қаңтар мен ақпанда аз адам үйленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2083448-sarapsylar-qazaqstandagy-qalyndyq-pen-kuieu-zigittin-ortasa-zasyn-atady/

pixel