Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздегі су қоймаларындағы жағдай қандай: министрлік жауап берді

Опубликовано:

Су қоймасы
Су қоймасы. Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанның 6 облысында суару желісін тазарту жұмыстарын жүргізіп, 8 өңірдегі 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған. Бұл туралы су ресурстары мен ирригация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Министрлік өкілдері Қазақстандағы су қоймаларының қазіргі жағдайын баянады.

Ведомствоның хабарлауынша, бүгінде 500 шақырымнан астам су арнасын тазалау жоспарланып отыр. Каналдарды тазарту жұмысы Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізіледі.

Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде: Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, БҚО және ШҚО-да 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған. Суару маусымына дайындық аясында 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтіп жатыр.

Еліміздегі су қоймаларындағы жағдайға келетін болсақ, осы сағатқа:

Ақмола облысындағы екі ірі су қоймасы 99%-ға толы. Мұнда су тасқынының белсенді кезеңі өтіп, салалары тұрақтанды.

Астана су қоймасына түсетін су транзиттік режимде жіберіліп жатыр. Су қоймасына ағынның төмендеу үрдісі байқалады. Нысанда тәулік бойы мониторинг жасалынады. Есіл өзенінің қалалық арнасы арқылы тасқын суын қауіпсіз өткізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Жабай өзенінің реттелмейтін ағыны артып жатыр, Атбасарда су тасқыны бар.

Солтүстік Қазақстан облысында 2 ірі су қоймасы 100%-ға толы, өзен суының арнасынан шығуы жалғасып жатыр. Осы сағатта Петропавл қаласы шегіндегі Есіл өзенінің деңгейі – 1038 см, ол бір тәулікте 144 см-ге көтерілді. Аймақта күрделі жағдай сақталуда.

Ақтөбе облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 97%. Өңірдегі жағдай тұрақты.

Шығыс Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы 80% су жинады.

Абай облысында Шүлбі су қоймасы 97%-ға толды. Аймақта су тасқынының белсенді кезеңі басталды.

Батыс Қазақстан облысындағы төрт ірі су қоймасы 72%-ға толды. Иреклі су қоймасынан жіберілген су Қазақстан шекарасына әзірге жеткен жоқ. Бұл су 16-17 сәуірде келеді деп күтілуде.

Қарағанды облысында 4 ірі су қоймасы 100% толды, өңірде су тасқынының қауіпті кезеңі өтті. Жағдай тұрақты.

Қостанай облысында екі ірі су қоймасының орташа су жинау көрсеткіші 92%, су тасқынының белсенді кезеңі өтті. Қаратомар су қоймасы транзиттік режимде жұмыс істеп жатыр.

"Барлық нысандарда тәулік бойы кезекшілік және әр екі сағат сайын мониторинг жалғасып жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084048-elimizdegi-su-qoimalaryndagy-zagdai-qandai-ministrlik-zauap-berdi/

pixel