Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"11 674 адам үйіне оралды": ТЖМ су тасқынына байланысты жаңа мәлімет жариялады

Опубликовано:

Құлсары қаласындағы су тасқыны
Құлсары қаласындағы су тасқыны. Фото: instagram.com/atyrau_tjd

Төтенше жағдайдар министрлігі су тасқыны жағдайы бойынша жаңа мәлімет жариялады. Азаматтық қорғау қызметтері 107 119 адамды эвакуяциялаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

"Азаматтық қорғау қызметтері 107 119 адамды, оның ішінде 38 457 баланы құтқарды. 11 674 адам үйіне оралды", - делінген хабарда.

Ведомство мәліметінше, уақытша орналастыру пункттерінде 7 414 адам, оның ішінде 3 173 бала бар.

ТЖМ 9,3 млн м3 еріген қар суы сорылды, 1,9 млн астам қапшық және 1,2 млн. тонна инертті материал төселді деп мәлімдеді.

"3 мыңға тұрғын үй мен шамамен 2 мың аула аумағынан су бұрылды", - деді ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084456-11-674-adam-uiine-oraldy-tzm-su-tasqynyna-bailanysty-zana-malimet-zariyalady/

pixel