Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің үш өңірінде су тасқынының екінші толқыны күтіледі: "Қазгидромет" ескерту жасады

Опубликовано:

Су тасқыны
Атыраудағы су тасқыны. Фото: KAZ.NUR.KZ

"Қазгидромет" РМК мамандары су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін өңірлерді атады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулованың айтуынша, бұл Солтүстік Қазақстан облысының аумағында Ақмола облысының аумағындағы салалар бойынша Есіл өзені бойынша судың толуы есебінен (Жабай, Қалқутан және тағы басқа);

Батыс Қазақстан облысының аумағында РФ аумағынан Жайық өзені арқылы,

Атырау облысының аумағында Батыс Қазақстан облысының аумағынан Жайық өзені арқылы судың толуы салдарынан тасқын болуы мүмкін.

"Шығыс Қазақстан облысының аумағында орналасқан таулы өзендерде су тасқыны кезеңі "әдетте" жазық өзендерден кейін өтеді. Қазіргі уақытта Ақмола облысының аумағында Есіл өзенінің кейбір салаларында су тасқыны шыңы өтіп жатыр, бұл Есіл өзенінде су деңгейінің қайта көтерілуіне себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, су деңгейінің көтерілуі Нұра өзенінің төменгі ағысында жалғасуда", - деді спикер Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084582-elimizdin-us-onirinde-su-tasqynynyn-ekinsi-tolqyny-kutiledi-qazgidromet-rmk-eskertu-zasady/

pixel