jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Су тасқынына байланысты Қазақстанның тағы бір қаласында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

Оқушы
Оқушы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Бүгін, 15 сәуірде Петропавлда мектеп оқушылары қашықтан оқып жатыр – қалада су тасқыны салдарынан сумен қамтуда қиындық туындады, деп жазады Petropavlovsk.news.

Желілік басылым 28 мыңнан астам оқушы қашықтан оқуға көшірілгенін хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының түсіндіруінше, қашықтан оқытуға қалада туындаған сумен тұрақты қамту мәселесі себеп болған.

Баламалы сумен жабдықтаудың екі көзі іске қосылған, бірақ облыс орталығындағы көптеген пәтерде су жоқ, жаңа суқұбырын іске қосуға уақыт қажет.

Басылым жұма күні де екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан білім алғанын атап өтті.

Еске салсақ, кеше, 14 сәуірде Петропавл қаласының тұрғындары ауыз сусыз және жарықсыз қалды. Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз хатшысы Евгений Журавлев ОКҚ брифингінде ахуал су тасқынының күрделі жағдайына байланысты болғанын айтты

Айта кетейік, Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысының төрт ауданындағы мектеп оқушылары бүгіннен, яғни 15 сәуірден бастап қашықтан оқытылып жатыр. Облыстық білім басқармасы балалардың қауіпсіздігі үшін облыстағы төтенше жағдайға байланысты осындай шешім қабылдауға мәжбүр болған.

Су тасқынына байланысты Қазақстанның тағы бір қаласында оқушылар қашықтан оқуға көшірілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.