jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Су тасқыны: 5 облыста көлік қозғалысы шектелді

өзен
Өзен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Су тасқынының салдарынан Қазақстанның 5 облысында республикалық маңызы бар автокөлік жолдарындағы көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлады "ҚазАвтоЖолдың" Telegram-дағы ресми арнасында.

"ҚазАвтоЖол" ақпараты бойынша, биыл 15 сәуірдегі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 9 жол жүру учаскесінде су тасқыны болды. Қарғын су 5280 метрге дейін жолды шайып жатыр.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 11 автокөлік жолдарындағы (421 км) қозғалыс шектелді.

Қазіргі таңда республикалық жолдарда 417 техника мен 523 адам жұмылдырылған.

Су тасқыны: 5 облыста көлік қозғалысы шектелді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.