Су тасқынының екінші толқынына дайындық: Олжас Бектенов Оралға барды
Жарияланған күні:
Премьер-пинистрі Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру үшін Орал қаласында жүр. Бұл туралы үкіметтің ресми сайтында хабарланды.
Үкімет басшысы өңірге келісімен Жайық өзенінің жағалауын нығайту және бөгет құрылыстарын салу жұмыстарының барысын тексерді.
Сонымен қатар Олжас Бектенов жағдайды бақылау үшін өңір аумағында орналасқан су қоймаларының өзен арнасын тікұшақпен аралайды.
Айта кетейік, Орал қаласы әкімі Миржан Сатқанов су тасқынының екінші толқыны жақындап келе жатқанын ескертіп, кей аудандардың тұрғындарын эвакуациялануға шақырған болатын.
"Қазгидромет" мамандары еліміздің үш өңірінде (СҚО, БҚО, Атырау облысы )су тасқынының екінші толқыны болуы мүмкін екенін ескертті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2084999-su-tasqynynyn-ekinsi-tolqynyna-daiyndyq-olzas-bektenov-oralga-bardy/