Алматыда толассыз жауатын жаңбырға дайындық жүріп жатыр: әкімдік тұрғындарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
15 сәуірдің кешінен 17 сәуірдің таңына дейін Алматы қаласында толассыз жаңбыр жауады. Осы ретте әкімдік қала тұрғындарына үндеу жасады, деп жазады ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, Алматыда жауын-шашын кезінде коммуналдық қызметтердің 52 мобильді бригадасы жұмылдырылады.
Қаланың коммуналдық қызметтері қаланың су бұру жүйелерін алдын ала тексереді, су қабылдау торларын, арық жүйелері мен құдықтарды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Арық желілері мен арық өткелдерін тазалау бойынша жоспарлы жұмыстарға 320 жұмысшы және 88 арнайы техника жұмылдырылды. Күн сайын арық желісінен шамамен 250 м3 қалдық, лай және қоқыс шығарылады.
Су басудың алдын алу және жекелеген учаскелерде судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жауын-шашын кезінде мотопомпалармен, багрлермен және басқа да қажетті құралдарымен жабдықталған 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылатын болады және 2,3 мың қап құм дайындалды.
Түнгі кезеңде 236 арнайы техниканы, 28 мотопомпаны және 215 жол жұмысшысын тарту жоспарланған. Қажет болған жағдайда қосымша 150 техника мен 200 жұмысшы жұмылдырылады.
Ауа райының бұзылу салдарынан жүргізушілер ағаштардың құлау қаупі мен электр желілерінің үзілуіне байланысты автомобильдерді жол жиектеріне қоймағандары жөн. Су басып қалудың алдын алу үшін қала тұрғындарынан арықтарды, нөсер ағындары мен каналдарды қалдықтармен бітеп тастамауды сұраймыз. Су басқан немесе уақытша су жиналған жағдайда аудан әкімдіктеріне хабарлауға немесе +7 706 689 8898 WhatsApp-нөміріне хабарлама жазуға болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085017-almatyda-tolassyz-zauatyn-zanbyrga-daiyndyq-zurip-zatyr-akimdik-turgyndarga-undeu-zasady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.