Биыл Жеңіс күніне орай Алматы мен Астанадағы ҰОС ардагерлеріне қанша теңге беріледі
Жарияланған күні:
Бүгінгі таңда Астана мен Алматы қалаларында барлығы 51 Ұлы отан соғысы ардагері тұрады. Екі мегаполистің әкімдік өкілдері биыл 9 мамырға дейін оларға 2 млн теңге төленетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Алматы қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәслихат депутаттары мегаполис әкімі Ерболат Досаевтың Ұлы отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне біржолғы төлем мөлшерін 2 миллион теңгеге дейін арттыру туралы бастамасын бірауыздан қолдады.
Бұған дейін жыл сайын Ұлы отан соғысындағы Жеңіс күніне орай ардагерлерге 1 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік төлем төленген.
"Алматы қаласы әкімінің тапсырмасымен біржолғы әлеуметтік көмекті 1 миллион теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдаймыз. Биыл ардагерлер 2 миллион теңге көлемінде біржолғы көмек ала алады", - деді Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Бауыржан Жаубасов.
Бүгінде Алматыда 44 Ұлы отан соғысы ардагері тұрады.
Астана әкімдігінің баспасөз қызметі де төлем мөлшерінің өскенін хабарлады. Қазіргі таңда елордада 7 Ұлы отан соғысы ардагері тұрады.
"Астана әкімдігінің қаулысымен Жеңістің 79 жылдығына орай Ұлы отан соғысы ардагерлеріне төленетін төлем мөлшері екі есе артты, осылайша ҰОС ардагерлері 2 млн теңге алады алады", - делінген хабарда.
Сонымен қатар Астана әкімдігі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер де төлем алатынын мәлім етті.
Атап айтқанда, ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер. азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі анықталған адамдар және олардың балалары, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты) - 45 АЕК (166 140 теңге) мөлшерінде алады.
"Басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері (Ауғанстандағы қимылдарының ардагерлерінен басқа) (Тәжік-Ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында міндеттерді орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуде – 45 АЕК (166 140 теңге).
"Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедегінің жұбайы (зайыбы) – 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде алады", - делінген әкімдік хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085068-biyl-zenis-kunine-orai-almaty-men-astanadagy-uos-ardagerlerine-qansa-tenge-beriledi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.