jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебіндегі оқушы өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты

Ақтөбедегі олимпиадалық резерв мектебі
Ақтөбедегі олимпиадалық резерв мектебі. Фото: NUR.KZ

Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектеп-колледжіндегі оқушы өлімі үш қылмыстық іс бойынша тергеліп жатыр. Облыстық полиция департаменті жаңа мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Ақтөбедегі Есет батыр атындағы спорт мектебі тәрбиеленушісінің өлімінен кейін полицейлер "бұзақылық", "адам өліміне әкеп соқтырған қасақана денсаулыққа ауыр зиян келтіру" бойынша, сондай-ақ "қызметтік міндеттеріне адал орындамағаны" үшін ұстаздары мен спорт мектебінің басшылығы қатысты іс қозғады", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар қылмысқа қатысы бар екі күдікті ұсталған. Олар – спорт мектебінің оқушылары. Тергеу жалғасып жатыр.

Марқұмның туыстары жасөспірімді егіз-ағасының көзінше жоғары сынып оқушылары ұрып өлтіргенін хабарлады.

Мектеп-колледж басшылығы да қайғылы оқиға туралы пікір білдірді.

"Бізде бұрын мұндай оқиға болған емес. Марқұм да, қамауға алынғандар да спортпен шұғылданған, жақсы оқыды, олардың үстінен арыз-шағым болған жоқ.

Біздің балалардың бәрі дарынды, олар бізге облыстың түкпір-түкпірінен оқуға келеді. Болған жағдайды естіп, өзіміз де абдырап қалдық. Бұған дейін құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша ата-аналармен, балалармен, педагогикалық ұжыммен кездесулер өткіздік. Қазір оқу үрдісі әдеттегідей жүріп жатыр", - дейді Есет батыр атындағы олимпиадалық резерв мамандандырылған мектеп-интернат колледжінің директоры Қайрат Әжбағамбетов.

Еске сала кетейік, бұған дейін 11 сәуірде Ақтөбеде 8-сынып оқушысы құлап, есінен танып қалған. Жасөспірім жедел жәрдем көлігінде көз жұмғаны белгілі болған еді.

Кейін полиция өкілдері оқушының өліміне қатысты бар деген күдікпен жасөспірім ұсталғанын хабарлады.

Ақтөбеде олимпиадалық резерв мектебіндегі оқушы өліміне қатысты жаңа мәлімет шықты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.