jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Мейрамхана қымбат": желіде Алматыдағы көпқабатты тұрғын үй ауласында ұзату той жасағандардың видеосы тарады

Аулада болған ұзату тойы
Аулада болған ұзату тойы. Видеодан кадр: instagram.com/in_da_krg

Желіде Алматыда көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласында болған ұзату тойдың видеосы тарады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Видео Instagram желісіндегі In_da_krg парақшасында жарияланған.

"Алматыдағы көпқабатты үй ауласында ұзатылып жатыр", - делінген видео сипаттамада.

Кадрлардан аулада дөңгелене қойылған үстелдерді және онда отырған қонақтарды көруге болады.

Желі қолданушылраның көбі бұл идеяны қолдаған. Кей оқырман "кино шығар" деп жазған.

"Айыппұл салмаса болды", "Жақсы идея екен", "Әдемі. Күшті көңіл күй сыйлады сол аулаға", "Керемет табылған ой екен", "Онда тұрған не бар", "Мейрамханалар қымбат", "Жастар бақытты болса болды ғой", "Негізі қыз ата-анасының шаңырағынан ұзатылады, сондықтан дұрыс", - деп жазды пікір қалдырғандар.

"Мейрамхана қымбат": желіде Алматыдағы көпқабатты тұрғын үй ауласында ұзату той жасағандардың видеосы тарады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.