Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Метеорологтар Солтүстік Қазақстанда қарғын судың беті қашан қайтатынын айтты

Опубликовано:

Су тасқыны
Су тасқынына қарсы күрес. Көрнекі фото: ТЖМ ресми сайты

Қазақстанның солтүстігіндегі су тасқынының үдемелі кезі әлі басталған жоқ – метеорологтар су тағы бірнеше күн көтерілетінін ескертті, деп хабарлайды КТК телеарнасының сайты.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқыны жағдайы күрделі күйінде қалып отыр – өңірде мыңнан астам үй мен бірнеше мыңнан астам саяжай учаскесі су астында қалды. Алғаш рет Пестрое көлі арнасынан асып, басты қалалық жағажайы бар "Солтүстік жұлдыз" саябағын шайып кетті.

Облыс орталығына кіретін үш кіреберістің екеуін су басқан, Астана жақтан қалаға кіретін және шығатын жолды су басып жатыр. Арнасынан асқан судың биіктігі бір метрге жуықтайды. Мұнда тек жүк көліктері мен жол талғамайтын көліктер жүре алады.

Қазірдің өзінде өңірде 11 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Кейбіреуі туыстарының үйіне, кейбір адамдар эвакуациялық пункттерге орналасты.

Метеорологтардың болжамдары әлі де көңіл көншітпейді. Бұл бастамасы дейді, олар. Қаладағы су тасқынының үдемелі кезеңі алда екен.

"Петропавл қаласында біз білеміз, бастапқы қауіпті белгі – 940, бұл кезде cу арнасынан асады. Ал бүгінде біз ведомствоның қауіпті тізіміндегі барлық қауіпті көрсеткіштерден асып кеттік. 2017 жылғы деңгейден де асып түсті. Су тасқынының шарықтау шегі 17-18 сәуірде болады деп күтілуде", – деді "Қазгидромет" РМК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Қымбат Мерғалымова.

Метеорологтар екінші толқын болатынын ескертіп қойған. Петропавлда ол бір аптадан кейін болады деп болжанып отыр.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085404-meteorologtar-soltustik-qazaqstanda-qargyn-sudyn-beti-qasan-qaitatynyn-aitty/

pixel