jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Алматыда нөсер жаңбыр: қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істеп жатыр (фото)

Каналды тазалап тұрған коммуналдық қызметкер
Коммуналдық қызметкер. Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда жауған нөсер жаңбырға байланысты қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Алматыда жауын-шашын түсуіне байланысты түнгі уақытта арықта судың кедергісіз ағып кетіп, жекелеген аумақтарда су басу қаупінің алдын алу үшін мотопомпамен, тазалаушы заттармен және т.б. құралдармен жабдықталған 52 жедел мобильді бригада түнгі уақытта кезекшілікке шықты. Құм салынған 2,3 мың қап дайындалды.

Коммуналдық қызметкерлер арықтарды тазалап жатыр
Коммуналдық қызметкер. Фото: Алматы әкімдігі

Жалпы түнгі кезеңде 236 арнайы жабдық, 28 мотопомпа және 215 жұмысшы жұмылдырылды. ТЖ бойынша жедел кезекшінің мәліметінше 16 сәуір сағат 07:00 су басқан аумақ тіркелмеген.

Коммуналдық қызметкерлер арықтарды тазалап жатыр
Коммуналдық қызметкер. Фото: Алматы әкімдігі

Күндізгі ауысымда 425 техника және 802 жұмысшы кезекшілікке шығады. Ауысымның өзгеруі желіге мейлінше көп техниканың шығуы үшін кезең-кезеңмен жүргізіледі. Аудан әкімдіктерінде жұмысты бақылау үшін тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Алматыда нөсер жаңбыр: қаланың коммуналдық қызметі тәулік бойы жұмыс істеп жатыр (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.