Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда бұрынғы әйеліне қол көтерген тұрғын қамауға алынды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алматыда ер адам адам бұрынғы әйелін ұрып-соқты
Алматыда ер адам адам бұрынғы әйелін ұрып-соқты.Видеодан кадр: Facebook.com/jannachka.akhmet

Бұған дейін Алматыда әйелді аяусыз ұрғаны түсірілген видео желіде тараған еді. Кейін бұл оқиғаға қатысты әйелдің бұрынғы күйеуі кешірім сұрап жазған видеоүндеуі де пайда болды. 16 сәуірде ер адам қамауға алынғаны белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Зардап шеккен Салтанат есімді әйелдің бұрынғы күйеуінің кешірім сұраған видеоүндеуі Telegram-дағы Kozachkov offside арнасында жарияланды. Видеода ер адам өзін Александр Ким деп таныстарады. Өзі заңгер екен.

"Оның ата-анасынан және жақын туыстарынан кешірім сұрағым келеді, менің әрекетім ешқандай ақталмауға келмейді және Салтанатқа қол көтермеуім керек еді.

Біз 11 жыл отау құрдық, үлгілі отбасы болдық. Бір-бірімізді шын сүйдік. Ал Салтанат 4 тамаша баланы дүниеге әкелді", - дейді әйелдің бұрынғы күйеуі видеода.

Ер адам кезекті жанжалдан кейін ажырасқанын айтты. Кимнің сөзінше, ажырасқаннан кейін де ерлі-зайыпты арасында жақсы қарым-қатынас сақталған.

"2024 жылғы 3 сәуірде Салтанатқа бардым. Біз кездестік, бәрі дұрыс еді. Подъезге кіргенде телефонын сұрадым, балалардың суретін көргім келді. Ол белгісіз ер адамның жанында тұрған фотоны көріп қалдым.

Не болғанын өзім де түсінбедім. Қызғаныш шығар, телефонды алып сындырдым. Видеода мен Салтанатқа қатты соққы жасағандай болып көрінген шығармын, бірақ мен қолымды сермедім", - деді Александр Ким.

Ол видеоүндеуде жазаға тартылуға дайын екенін, бірақ "Бишімбаев ісі бойынша сот процесіне байланысты жария түрде жазалауды қаламайтынын" жеткізген.

Құқықбұзушы ұсталғаны туралы бүгін NUR.KZ тілшісіне Алматы полиция департаменті хабарлады.

"Бұрынғы әйелін ұрып-соққан ер адам ұсталды. Ол ұрып-соғу және бөтеннің мүлкіне қасақана зиян келтіргені үшін ұсталды, ол сот шешімімен 25 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, айыппұл салынды. Құқықбұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген полицияның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Еске сала кетейік, 12 сәуірде Алматыда әйелді қатты соққымен ұрған ер адамның видеосы тараған еді. Оқиғаға қатысты қалалық полиция түсінік беріп, тексеру жүргізілгенін хабарлап, жиналған материалдар жауапқа тарту үшін сотқа жіберілгенін мәлім еткен болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085725-almatyda-buryngy-aieline-qol-kotergen-er-adam-videoundeu-zasady-ol-qamauga-alyndy/