jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

Таразда ағаштар егіліп, саябақ аумағы абаттандырылды

Абаттандыру жұмыстары
Абаттандыру жұмыстары. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Жамбыл облысында республикалық "Таза Қазақстан" акциясы аясында "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" экологиялық науқаны бастау алған болатын. Ауқымды акцияның екінші аптасы "Киелі мекен" деген атаумен тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналды.

Соған орай бүгін "Жеңіс" саябағындағы Бауыржан Момышұлы ескерткішіне санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді. Шараға Тараз қаласы әкімінің орынбасары Қайрат Исмаил қатысып, белсенді және ерікті жастармен бірге саябаққа тал көшеттерін отырғызды.

Жалпы осы күні демалыс орнына 500 түп раушан гүлі, 30 туя мен 20 ясин ағашы егілді.

Абаттандыру жұмыстары
Абаттандыру жұмыстары. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Республика көлемінде ұйымдастырылған ауқымды акцияның шеңберінде Тараз қаласында экологиялық іс-шаралар өткізілуде. Олардың әрқайсы белгілі бір тақырыпқа арналған. Айшықты науқан алдағы уақытта да өз жалғасын табады.

Абаттандыру жұмыстары
Абаттандыру жұмыстары. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Абаттандыру жұмыстары
Абаттандыру жұмыстары. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Таразда ағаштар егіліп, саябақ аумағы абаттандырылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.