Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Диванға баланың нәжісі жағылған": Зәкиева сорақы жағдайда өмір сүріп келген балалар туралы айтты

Опубликовано:

Баланың аяғы
Бүлдіршін. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ететін жаңа заң төңірегінде тараған жалған ақпараттар туралы айтты.Бұл туралы уәкілдің Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Балалар омбудсменінің желіде жарияланған жазбасында жаңа заңға қатысты жалған ақпарат тарағаны айтылған.

"Құрметті достар, әлеуметтік желілерде жаңа заң аясында балаларды негізсіз тартып алғаны туралы бейнероликтер тарады, бұл жалған ақпарат.

Жаңа заң жобасында балаларды алып қоюға, ата-ана құқығын шектеуге немесе айыруға қатысты өзгерістер мен толықтырулар жоқ. Бұған негіз "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" кодексте бекітілген және 2011 жылдан бері қолданыста", - делінген жазбада.

Бұған қоса омбудсмен балалардың тұруға мүлде жарамсыз жерде тұрып келгенін көрсететін фото, видео жүктеді.

Зәкиеваның айтуынша, Астанада төрт бала физикалық денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда тұрып келген отбасы анықталған. Балалар қолданыстағы заңнама негізінде Қолдау орталығына орналастырылған.

"Қазіргі уақытта 12 мың бала тұрмыс жағдайы нашар жандардың тізіміндегі отбасында тұрып жатыр. Бұл ретте балалар үйінде отбасы бақылауда екені ескеріліп тұрып жатыр және жергілікті атқарушы органдар қажет профилактикалық жұмыстар жүргізуде, яғни барынша балалардың отбасын сақтап қалуға тырысып жатыр", - деп атап өтті омбудсмен.

Ол сондай-ақ әлеуметтік желілерде "негізсіз алып қойылды" деп шыққан бейнероликтегі тағы бір жағдайды мысалға келтірді.

"Бұл жағдайда бес және үш жастағы бала антисанитариялық жағдайдағы үйде жалғыз болған. Бүкіл үйге, атап айтқанда, балалар жатқан диванға, еден мен көрпеге балалардың нәжісі жағылған. Зәрдің иісі сіңіп қалған үйде балалар киімсіз жүрген (жалаңаш, іш киімсіз), лас, әлсіз, үсті-басына нәжісі жағылған.

Азық-түлік, жеке гигиеналық жағдай, қандай да бір балалар киімі болмаған. Балалардың анасы бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған, АӘК алады.

Бұл отбасының балалары уақытша Балаларды қолдау орталығына орналастырылды, содан кейін анасы тұрмыстық жағдайын өзгертіп, тазалық пен тәртіп орнатты, қамқоршылық қызметкерлері жаңа тұрмыс жағдайын тексеріп, балаларды қайтарды. Алайда бұл отбасы мен балалары бақылауда", - деп жазды Зәкиева.

Үшінші оқиға денесі түгел көгеріп қалған қыз жайында.

"Үшінші оқиға мен күзде ауруханаға барған қыздың туыстарының видеоүндеуіне қатысты. Фотосуретте көрсетілгендей, баланың денесі түгел көгерген және оның бетінде тыртықтар болды. Қыз балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Осыған байланысты ата-аналар балаларын себепсіз алып кетті деп түсіндіріп жатқан видеоларды көргенде, 2011 жылдан бері заңнамада балаларды алып кетуге болатын барлық негіздер көрсетілгенін және мұндай шаралар негізсіз қолданылмайтынын ескеруіңізді өтінемін. Балаларды алып қою туралы шешім қабылданатын кезде баланың өміріне тікелей қауіп төндіретін факторлар жиынтығы ескеріледі.

Әрі қарай әрбір істі кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссия қарайды, ал құқығын шектеу не айыру туралы шешімді сот қабылдайды", - деп түсіндірді Зәкиева.

Ол әйелдердің құқықтары мен бала қауіпсіздігі туралы жаңа заңның үштен бір бөлігі балалардың қауіпсіздігі мен амандығына арналғанын айтты.

"Сонымен қатар жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын атап өткен жөн", - деп түйіндеген сөзін Зәкиева.

Айта кетейік, 15 сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тұрмыстық зорлық-зомбылыққа жазаны күшейтетін заңға қол қойды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2085983-divanga-balanyn-nazisi-zagylgan-zakieva-soraqy-zagdaida-omir-surip-zatqan-balalar-turaly-aitty/

pixel