Қазақстанда көлік жүргізушілеріне жаңа айыппұл енгізілуі мүмкін
Жарияланған күні:
Бүгін мәжіліс кулуарында ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха жылдамдықты асырғаны үшін жауапкершілікті күшейту жөніндегі норманы түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Мұндай норма "Жол қозғалысы туралы" Қазақстан Республикасының заңына жекелеген көлік құралдары түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына енгізілген. Бүгін мәжіліс депутаттары оны бірінші оқылымда қабылдады.
"Жылдамдықты арттыруға келер болсақ, бұл заңға бағынатын азаматтарға әсер етпейді –жылдамдықты сағатына 10, 20, 30 немесе 40 километрге арттыруға қатысты нормалар сақталады. Жылдамдықты шектен тыс асырғаны үшін жауапкершілікті күшейтетін норма бар: шартты түрде сағатына 60 километрге дейін және 60 километрден жоғары. Яғни, бұл санаттағы азаматтар – айтпақшы, олардың саны көп емес, мысалы, сағатына 60 км жылдамдықпен жүруге рұқсат етілген қалада сағатына 120 және одан да көп жылдамдықпен жүретіндер", - деді ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха.
Оның айтуынша, бұл "жол қозғалысы ережесін өрескел бұзғандарға" қатысты.
"Біз әлі де санкцияларды талқылап жатырмыз, олар жұмыс тобында зерттелуде. Норма қатаң жұмыс істеуі керек сәт дәл осы деп есептеймін", - деді ол.
Сондай-ақ бүгін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске көлік құралдарында белгіленген жылдамдықты 60 және одан да көп км/сағ асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі қатаң әкімшілік жауапкершілік енгізілетіні мәлім болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2086499-qazaqstanda-kolik-zurgizusilerine-zana-aiyppul-engizilui-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.