Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"4 мамыр – жұмыс күні": қазақстандықтар мамырдағы мерекеде нақты қанша күн демалатыны белгілі болды

Опубликовано:

Гүлдеп тұрған ағаш
Гүлдеп тұрған ағаш. Көрнекі фото: pixabay.com

Мамыр айындағы мереке күндеріне байланысты 4 мамыр – жұмыс күні болып бекітілді. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тиісті бұйрықты жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоға сілтеме жасап.

Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында тиісті бұйрыққа қол қойылды.

"Демалыс күні 2024 жылғы 4 мамыр сенбіден 2024 жылғы 8 мамыр сәрсенбіге ауыстырылсын", - делінген бұйрықта.

Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Осылайша, қазақстандықтар үш күн қатарынан, яғни 7, 8 және 9 мамыр демалады. Ел тұрғындары 7 мамырда Отан қорғаушылар күнін және 9 мамырда Жеңіс күнін тойлайды.

Ал 4 мамыр – сенбі жұмыс күні болып бекітілді.

Сонымен қатар 1 мамырда қазақстандықтар Қазақстан халқының бірлігі мерекесін атап өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087003-qazaqstandyqtar-mamyr-aiynda-qansa-kun-demalatyny-belgili-boldy-qaulyga-qol-qoiyldy/

pixel