Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Су тасқынынан зардап шеккен қанша отбасы біржолғы өтемақы алды

Опубликовано:

Қарғын су басқан аумақ
Петропавлдағы су тасқыны. Фото: t.me/aqorda_resmi

Су тасқынынан зардап шеккен 5,8 мыңнан астам қазақстандық отбасы мемлекеттік қолдау алды. Бұл туралы үкіметке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Премьер-министрдің ресми ақпараттық ресурсында жарияланған хабарламада үкімет мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жойқын су тасқыны салдарынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды бағалау және өтеу бойынша жұмыстар жүргізіп жатқаны айтылған.

"Бүгінде арнайы құрылған өңірлік комиссияларға Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының тұрғындарынан 13 577 өтініш келіп түскен.

5 803 отбасы 100 АЕК немесе 369 200 теңге көлемінде жалпы сомасы 2 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды. 877 отбасына келтірілген материалдық шығын үшін жалпы сомасы 380 млн теңге өтемақы төленді. Мал шығыны үшін берілген өтемақының жалпы сомасы 38,9 млн теңгеге жетті", - делінген ресми ақпаратта.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, осы жылдың 18 сәуіріндегі жағдай бойынша, зардап шеккен өңірлерде 2602 тұрғын үй тексеріліп, олардың 1499-ына бағалау жүргізілген. Нәтижесінде 794 үй жөндеуге келетіні, 701 баспананың қалпына келтіруге жарамсыз екені анықталды.

"Қазіргі уақытта 197 отбасыға баспанасын жөндеу үшін жалпы сомасы 218,6 млн теңге өтемақы төленді. 33 отбасыға қираған үйдің орнына жаңа баспана және пәтерлер берілді.

Павлодар, Қарағанды және Ақтөбе облыстарында тұрғын үйлердің құрылысы басталды.

Бағалау және залалды өтеу бойынша тиісті жұмыстар жалғасуда. ҚР президенті атап өткендей, барлық зардап шеккен азаматтарға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін су тасқыны салдарынан келген залалға өтемақы алу үшін іс-қимыл алгоритмі жарияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087084-su-tasqynynan-zardap-sekken-qansa-otbasy-birzolgy-otemaqy-aldy/

pixel