Су тасқынынан зардап шеккен кейбір қазақстандық біржолғы өтемақы ала алмауы мүмкін
Жарияланған күні:
Су тасқынынан зардап шеккен бірқатар қазақстандық мемлекеттен біржолғы өтемақы алуда а айтарлықтай проблемаларға тап болады. Бұл проблеманы сенаторлар айтты, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Сенаторлар су тасқынынан зардап шеккен кейбір қазақстандықтардың мемлекеттен төлемдер алу мәселесін көтеріп жатыр. Бұл мәселе адамдардың қарызына байланысты.
"Су басқан елді мекендердегі жалға берілетін үйлерде тұратын адамдар мемлекет беретін біржолғы өтемақы ала алмауы мүмкін. Қарыздары мен несиелері көп және шоттары бұғатталған тұрғындар да біржолғы төлем ала алмайды", - деп атап өтті парламент сенатының депутаты Әсем Рахметова.
Сенатор бұл мәселені шешу үшін құнын бағалау мүмкін емес қираған тұрғын үйге келтірілген залалды өтеу тетігін әзірлеу керек дейді. Сондай-ақ қарыздарына байланысты өз есепшотын пайдалана алмайтын зардап шеккендер үшін банктерде арнайы шоттар ашу керек.
Источник: КТК
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендер өтемақы ала алуы үшін онлайн өтініш беру мүмкіндігі туралы түсіндірген едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087387-su-tasqynynan-zardap-sekken-keibir-qazaqstandyq-birzolgy-otemaqy-ala-almauy-mumkin/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.