Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әр нәрсенің шегі болуы керек": адвокаттар алқасының төрағасы Бишімбаевтың ісі бойынша мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы
Қуандық Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы. Фото: t.me/Jogargy_sot

Республикалық адвокаттар алқасының төрағасы Айдын Бикебаев адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысып жатқан әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырды. Ол жақында осы іске байланысты арнайы кеңейтілген отырыс өткізілетінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Республикалық адвокаттар алқасының басшысы Айдын Бикебаев Facebook желісіндегі парақшасында әріптестерін Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесіне қатысып жатқан қорғаушыларды жария талқылауды тоқтатуға үндеді.

"Адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырамын. Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокатураның беделін ойлауға тиіс.

Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы алдағы күндері осы іске байланысты барлық мәселелер бойынша аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізеді", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087777-ar-narsenin-segi-boluy-kerek-advokattar-alqasynyn-toragasy-bisimbaevtyn-isi-boiynsa-malimdeme-zasady/

pixel