Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегім сыздап кетті": Мөлдір Әуелбекова марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады (видео)

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова
Мөлдір Әуелбекова. Видеодан кадр: Tiktok/moldirauyelbekova

Отандық әнші Мөлдір Әуелбекова марқұм Салтанат Нүкеноваға ән арнады. Эстрада жұлдызы өз туындысын TikTok парақшасына жүктеді.

Өнер иесі Қайрат Нұртастың "Арман" әнін жаңаша нұсқада орындаған.

"Мен емес, видео сөйлесін. Арман, адастырмай мені қоя тұр. Жалған, құшағыңды маған жая тұр" ,- деп жазған әнші.

Желі қолданушылары видео астына түрлі пікірлер жазып қалдырды.

"Жылап отырмын, жай тыңдай алмаймын. Осындай періштенің өміріне балта шапты", "Қаншама қыз тағдыры осылай кетіп жатыр. Өкінішті", "Жүрегім сыздап кетті" , "Мына әннің мағынасын енді түсіндім" деді көпшілік.

Еске салайық, 9 қарашада БАҚ пен Telegram-арналар бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Астанада әйелін ұрып өлтірді деген күдікпен ұсталғанын хабарлады.

Астана қаласы полиция департаменті 9 қарашада елордадағы мейрамхана қонақтарының арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйелдің қаза тапқанын растады. Елордалық ПД күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Қуандық Бишімбаевтің ұсталғанын 10 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Серік Сәрсенов растады.

12 қарашада Қуандық Бишімбаев екі айға қамауға алынды. Сонымен бірге Бишімбаевтың туыс інісі, "Гастро орталық" директоры Бақытжан Байжанов қылмысты жасырды деген күдікпен ұсталған болатын.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы 27 наурызда басталды.

Содан бері бірнеше рет өткен сот отырысында Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты деректер айтылды. Алайда экс-министр өзіне тағылған айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2087369-zuregim-syzdap-ketti-moldir-auelbekova-marqum-saltanat-nukenovaga-an-arnady-video/

pixel