Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бишімбаев соты: әлдекім судья Айжан Құлбаеваға белгісіз нөмірден хабарласып, қорқытқан

Жарияланған күні:

Читать на русском
Судья
Судья. Фото: Астана қалалық сотының баспасөз қызметі

Жоғарғы сот экс-министр Қуандық Бишімбаев пен оның туыс інісі Бақытжан Байжановқа қатысты іс бойынша мәлімдеме жасады. Судья Айжан Құлбаеваны қорқытуға қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының полиция департаменті судья Айжан Құлбаеваға қатысты қорқыту фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі (Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды", - делінген хабарламада.

Ведомство судья жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілгенін атап өтті .

Сонымен қатар интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.

Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі (Судьяға жала жабу) бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескертеміз.

Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетін болады", - деп хабарлады Жоғарғы сот өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2087804-bisimbaev-soty-sudyaga-belgisiz-nomirden-xabarlasyp-qorqytu-xabarlamalary-tusken/