jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Астанада жылыту маусымы аяқталды

Елорда
Астана қаласы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада күн жылынуына байланысты 19 сәуірден бастап жылыту маусымы аяқталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімдікке сілтеме жасап хабарлайды.

"Ауа райының қолайлы жағдайларына байланысты қала әкімдігі жылыту маусымын 19 сәуірден бастап аяқтау туралы шешім қабылдады", -делінген хабарламада.

Айта кетейік, 19 сәуірде Астанада қар шығаруға арналған полигонды еріген қар суы басып, Ұлы Дала даңғылын су шайып жатқаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ синоптиктердің болжамынша, Астанада 19 сәуірде күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін жетіп, түнде 11 градусқа дейін төмендейді.

Еске салайық, 15 сәуірде Алматыда жылыту маусымы аяқталып, кезең-кезеңімен жылу өшірілгенін жаздық.

Астанада жылыту маусымы аяқталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.